Мұны әрбір мұсылман білуі шарт! Сұрақ: Сіз мұсылмансыз ба? Жауап: Әлхамдулилләһ мұсылманмын Сұрақ: Немен дәлелдейсіз? Жауап: «Әшһаду-әллә-илаһа-иллаллаһ. Уә әшхаду әннә Мухаммадан ъабдуһу уә расулуһ» Сұрақ: Қашаннан бері мұсылмансыз? Жауап: Әлимсақтан бері мұсылманбыз. Сұрақ: Қалайша мұсылмансыз? Жауап: Иман келтірумен мұсылманмын. Сұрақ: Кімнің құлысыз? Жауап: Аллаһ Тағаланың құлымын. Сұрақ: Кімнің үмметісіз? Жауап: Мұхаммед Пайғамбардың үмметімін. Сұрақ: Кімнің досысыз? Жауап: Төрт шадиярдың ( Абу Бәкір Р.А Омар Р.А Осман Р.А Әли Р.А ) Сұрақ: Кімнің ұрпағынансыз? Жауап: Адам атаның ұрпағынанмын. Сұрақ: Кімнің милләтіненсіз? Жауап: Ибраһим халиуллох милләтіненмін. Сұрақ: Кімнің мазһабынансыз? Жауап: Имам Ағзамның мазһабынанмын. Сұрақ: Мазһаб нешеу? Жауап: Мазһаб төртеу: 1. Имам Ағзам мазһабы 2. Имам Шафий мазһабы 3. Имам Аһдамхан мазһабы 4. Имам Мәлік мазһабы Сұрақ: Сізді кім жаратты? Жауап: Барша әлемді Аллаһ Тағала жаратты. Сұрақ: Пайғамбарымыз кім? Жауап: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Сұрақ: Дінің кім? Жауап: Дінім Ислам. Сұрақ: Ислам діні қалай орындалады? Жауап: Ислам діні негізінде бес нәрсемен атқарылады: 1.Иман келтіру 2.Күнде уақытылы бес уақыт намазды оқып жүру 3.Қасиетті рамазан айында ораза ұстау. 4.Дүние малынан зекет беру 5.Шамасы жетсе Қағбаға қажылық ету.з

Теги других блогов: Ислам Мұсылман Иман